«Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ-де педагогикалық ұжымның 2022-2023 оқу жылындағы жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Мұғалімдердің жетістіктері өте креативті форматта жасалған, барлығына қол жетімді және көрнекі арнайы рейтинг тақтасында көрініс тапты. Рейтингті құрудың критерийлері: тәжірибені жалпылау (конференциялар, семинарлар, шеберлік сыныптары), педагогтар мен олардың тәрбиеленушілерінің кәсіби конкурстары мен олимпиадалары, сондай-ақ біліктілік санаты болды. Рейтингте бірінші орынды Исмаилова Раушан Серікқызы мен Омарова Сәуле Майлыбайқызы бөлісті. Екінші орында – Тазеева Екатерина Викторовна. Үздік үштікті Попова Наталья Петровна аяқтады. Әдістемелік ноу-хау бұдан былай мектептің барлық мұғалімдері мен оқушылары үшін жақсы мотивация болады, жаңа кәсіби жетістіктерге шабыттандырады және жас Тоқшындықтарды тәрбиелеу мен оқытудың қиын ісінде одан да жоғары нәтижелерге әкеледі.
