Білім саласында көптеген тәжірибелі, үлгі ұстарлық ұстаздар көп-ақ! Солардың бірі – Жармухамбетова Зұлқия Зейнишқызы.
Зұлқия Зейнишқызы – өзінің өмірлік жолын ұстаздыққа арнап, ұстанымын шәкірт тәрбиелеуге бағыттаған мұғалім. Кәсіби жолында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор. Ол әр сабағыңда оқушымен қарым – қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан – жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қарайды. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөледі.
Зұлқия Зейнишқызы өз жұмысына адал, адамгершілігі мол, өз мамандығының қыр-сырын жетік білетін ұлағатты ұстаз. Ұстаз алдынан талай шәкірттер мектеп табалдырығын аяқтап, өз мамандықтарының қыр-сырын зерделеп, Тәуелсіз еліміздің азаматтары мен азаматшалары атанып, биік белестерден көрініп жүр.
Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту, шәкіртке ата-анамыздай болып тәрбие сыйлау.
З.Зейнишқызы да өзінің бар жүрек жылуын шәкірттерінен аямаған. Әр баланы өз баласындай көріп, әр жағдайда оқушыларының қастарынан табылады.
Ұлағатты ұстазымызды төл мерекесімен құттықтай отыра, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, ақ жол тілейміз!