13 қазанда «Гүлдер-ай» шағын орталығында ата-аналар жиналысы өтті. Әдіскер оқу жылының басталуымен құттықтап, ата-аналарды шағын орталыққа бару ережелерімен таныстырды. Психолог балалардың шағын орталыққа бейімделуі туралы айтты. Тәрбиешілер балалардың жас ерекшеліктері туралы айтып берді. Қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Әңгімеден кейін ата-аналар комитетінің сайлауы өтті.