2023 жылғы 18 қазанда СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласында «Әдістемелік шешімдер призмасы арқылы білім берудегі инновациялық процестерді сүйемелдеу жүйесі» атты облыстық семинар өтті, оның жұмысында биология пәнінің мұғалімі Калашников Михаил Николаевич «Мектептің зерттеу әлеуетін қалыптастырудағы халықаралық тәжірибе және ынтымақтастық» баяндамасын ұсынды. Михаил Николаевич қатысушыларды біздің мектептің Болгар құстарды қорғау қоғамымен, Қытай Ғылым академиясының қоршаған ортаны зерттеу орталығымен, қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен таныстырды. Мұғалім өз сөзінде мұғалімдер мен оқушылар ұжымының М.Қозыбаев атындағы СҚУ, «Радуга» ЖШС және «The Last Hope»ҮЕҰ ұйымдарымен жұмысын атап өтті.
Облыстық семинар жұмысына директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары В. И. Лейман және мектеп директоры К. Т. Хамидуллина қатысты.