Бастауыш сыныптардан бастап кәсіби қызығушылықты ояту өте маңызды. Бала кезінен бастап бала мамандықты біліп, оның негіздерін түсінуі керек. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ 1-4 сынып оқушылары арасында «мамандықтардың кемпірқосағы»суреттер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға оң уәждемесін қалыптастыру. Балалар байқауға белсенді қатысып, жұмыстарды орындауға шығармашылықпен қарады.


