Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде халықты әлеуметтік қолдау шараларына баса назар аударды. Бұл бағытта Үкімет ең төменгі жалақы деңгейін кезең-кезеңімен арттыруды жалғастырады, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қазақстандықтар 55 жасқа толғаннан кейін арнайы төлемдер алатын болады.Президент еліміздің нақты дамуына қол жеткізу үшін саяси реформаларды жан-жақты әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен ұштастыру қажет екенін атап өтті. Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты әділдік, прагматизм қағидаттарына негізделетін болады. Бұл жаңа парадигма бәсекелестік артықшылықтарды, атап айтқанда еңбек, капитал, ресурстар мен технологияларды тиімді пайдалануға негізделеді.Ұлттың жаңа қасиеттерін қалыптастыру ел үшін ерекше маңызға ие. Барлық азаматтар, әсіресе жастар, ең жақсы қасиеттерді бейнелеуі керек, өйткені олардан қоғам құндылықтарының жалпы жүйесі қалыптасады. Егер әркім патриотизмді, білімге деген құштарлықты, еңбекқорлықты, тәртіпті, үнемшілдікті және ынтымақтастық сезімін көрсетсе, онда біздің еліміз үшін қол жетпейтін мақсаттар болмайды. «Адал азамат» тұжырымдамасының мәні-жауапкершіліксіз әділдікке қол жеткізу мүмкін емес. Туған жерді қорғау және дамыту, ата-бабаларымыздан қалған байлықты, табиғи ресурстарды қорғау-біздің қасиетті міндетіміз.