Меню KDT

logo.png?_=1663137264

"Тоқшын мектеп гимназиясы" КММ

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Категории

    "Балаларға жылулық сыйла"


    Республиканың барлық өңірлерінде "Балаларға жылулық сыйла" ұранымен "Қамқоршы күні" мерекесі өткізіліп жатыр.

    Аталған іс-шараның мақсаты, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасында тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға алғыс білдіру.

    Мектеп кітапханасының оқу залында Қамқоршылар күніне арналған концерт өтті. Қамқоршыларды құттықтауға аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұяқова Гүлім Мұхамеджанқызы келді. Сондай-ақ, іс-шарада мектеп директоры Хамидуллина Күлшара Темірғалиқызы қамқоршыларға тілек білдірді.

    Концерттік нөмірлер достық, махаббат және Отан туралы болды. Мектеп пен Қазақстанға денсаулық, табыс, өркендеу тілей отырып, жайбарақат жағдайда, жақсылық пен көңілді атмосферасында мерекелік шай ішілді.

    Бұл күн әрбір қамқоршы ата-ананың жүрегінде көптеген жағымды әсер қалдырды.

    Құрметті қамқоршылар, сіздің еңбегіңіз баға жетпес. Сізге және Сіздің жақындарыңызға бақыт пен денсаулық тілейміз.

     











    02.11.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Нұрсұлтан Әбішұлы
    Назарбаев

    Қазақстан Республикасының
    Тұнғыш Президенті - Елбасы

    Қасым-Жомарт
    Кемелұлы Тоқаев

    Қазақстан Республикасының
    Президенті

    Алтай Сейдірұлы
    Көлгінов

    Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки