«Ұстазды алтын діңгекке балар едім» — деп, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің айтқанындай, ұстаздық – тарихтағы ең ұлы істің бірі. Шындығында, мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен, ұлағатты ұстаз мәртебесі кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақ.
Мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз – мектептегі ұлағатты ұстазымыз – Абдреисов Жасқайрат Хасенұлы ғұмырының 38 жылын ұстаздық жолына арнаған. Ардақты ұстазымыз өзінің бар білімін, тәлім-тәрбиесін алдына келген оқушыларынан аямаған. Мемлекеттік тілді басқа ұлттың балаларына үйрету, әрине, оңай емес. Бірақ-та «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, Жасқайрат Хасенұлы әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, әр оқушының ынта-қабілетін ескеріп, өз мамандығының тамаша әдіскері бола білетін ұстаз.
Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде»,-деуінің өзі бекер емес, өйткені ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек ету қасиеттері болуы шарт. Сол қасиеттерді біз әріптесіміздің бойыңан көреміз. Ұстазымыз қажырлы еңбегімен, қайтпас қайсарлығымен, ұстаздық жолында талай шығармашылық белестерге жетті.
Жасқайрат Хасенұлын — сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз деуге болады. Жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұрған ұлағатты маман иесі өнегелі өмірі мен еселі еңбегінің арқасында айналасына қадірлі болары сөзсіз.
Әріптесімізді құрмет тұтамыз және мақтан етеміз!