25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Тоқшын мектеп — гимназиясы» КММ-де «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» Халықаралық акциясы өтуде. Мектептің сынып жетекшілері арасында отбасылық тәрбие тақырыбында буклеттер мен брошюралар байқауы өткізілді. Олар интернетке тәуелділік, темекі түтінінің балаға әсер ету ерекшеліктері, бала тәрбиесі мен қарым — қатынас, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және тәрбие бойынша кеңестер сияқты тақырыптарды көрсетті.

6.12.2023 жылы «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық акциясы аясында мектептің өзін-өзі басқаруы ата-аналарға «Балаларды зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қалай қорғауға болады» буклеттерін дайындап, таратты. Буклетте балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік туралы ақпарат және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар бар.



