«Мектепке жол» акциясы

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы басталады. Акцияның ұраны: «ЖАҚСЫЛЫҚ жаса» Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау. Биылғы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, биылғы жылы акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтуде. Біздің Тоқшын мектеп-гимназиясында оқушыларды мектепке дайындауға көмектесу жұмыстары жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың мәліметтер базасы құрылды.Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін «жедел желі», жұмысы жолға қойылған. «Мектепке жол» акциясы аясында тамыз айының басында аз қамтылған отбасылардан шыққан 30 мектеп оқушысына мектеп, спорттық киім мен аяқ киім, кеңсе тауарларын алу үшін бір балаға 40567 теңгеден біржолғы жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілер, әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік органдарды тарту жұмыстары жүргізілуде.«Крафт» ЖШС, «Астық» ЖШС, «Лидер» шаруа қожалығы, «Көк бөрі» шаруа қожалығы жыл сайын кіші жастағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге демеушілік көмек көрсетеді. Айта кетерлігі, республикалық акция күнтізбелік жыл бойы да жалғасын табады. Балаларды мектепке дайындауға көмектесемін деушілер тұрғылықты жеріндегі білім бөліміне немесе тікелей мектебімізге хабарласа алады. Сенім телефоны жұмыс істейді: 26 6 25

Қосымша ақпарат көздері